Ижевскідегі мектептегі атыс: қаза тапқандар саны 15-ке жетті

Ижевскідегі мектептегі атыс: қаза тапқандар саны 15-ке жетті
Cурет: Ашық дереккөз

11-і - оқушы, одан бөлек тағы 24 адам зардап шекті

26 қыркүйекте Ресейдің Ижевск қаласындағы мектепте белгісіз ер адам жан-жағына оқ жаудырды. Соңғы мәліметтер бойынша, қайтыс болғандардың 11-і оқушы, одан бөлек тағы 24 адам зардап шекті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Ижевскі мектебіндегі атыс салдарынан қаза тапқандардың саны 15-ке жетті, оның 11-і - оқушы, одан бөлек тағы 24 адам зардап шекті, деп жазады РИА Новости.

Бұған дейін хабарланғандай, сабақ болып жатқан уақытта үстіне қара киім киген белгісіз ер адам мектепке баса-көктеп кіріп, жан-жағына оқ жаудырған.

Кейін оқ жаудырған ер адамның денесі табылғаны туралы ақпарат пайда болды. Қолда бар мәліметтер бойынша, ол өз-өзіне қол жұмсаған.