Іздеуде жүрген 71 адам ұсталды

Іздеуде жүрген 71 адам ұсталды
Сурет: Almaty-akshamy.kz

24 сотталған адам тұрғылықты жеріне келмеген

ІІМ Наурыз мейрамы қарсаңында және мереке аяқталғаннан кейін республика көлемінде «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізді, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz

ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешев шараның басты мақсаты - елімізде «Заң мен Тәртіп қағидатын» қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтар мен қылмыстың алдын алу екенін айтты. 

«Іс-шараға 14 мыңға жуық полиция қызметкері мен Ұлттық ұланның әскери қызметшісі жұмылдырылды.10 күн ішінде іздеуде жүрген 71 адам ұсталып, белгіленген тұрғылықты жеріне келмеген 24 сотталған азамат анықталды.Мысалы, Павлодар облысында есірткі сатқаны үшін халықаралық іздеуде жүрген шетелдік азамат құрықталды.Одан бөлек, 400 млн теңгені заңсыз иемденіп, ұзақ уақыт бойы сот төрелігінен жасырынып келген алаяқ ұсталды»,- деді ол. 

Алекешевтің айтуынша, арнайы қабылдау-тарату орнына 661 адам орналастырылды. 

«Олардың арасында белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдар, құжаттары жоқ шетелдіктер бар.Рейдтік іс-шаралар барысында тыйым салынған заттарды заңсыз сақтау мен алып жүрудің 362 фактісі анықталды, 92 келі есірткі, 35 атыс қаруы және 161 суық қарутәркіленді»,- деді ол.

 Жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ерекше назар аударылған. 

Жол қозғалысын қадағалау кезінде:

  • жылдамдық режимін сақтамаудың 22 мың фактісі;
  • қарсы жолаққа шығудың 337 фактісі тіркелді.

«Автокөлікті мас күйде басқарған 437 жүргізуші ұсталды. Оның 16-ы есірткілік масаң күйде болған.Жүргізуші куәлігінен айырылса да, көлік тізгіндеген 267 адам анықталды»,- дейді ресми өкіл.