Испанияда ауызсуды пайдалануға шектеу қойылады

Испанияда ауызсуды пайдалануға шектеу қойылады
сурет:mlyn.by

Үнемдеу қарапайым тұрғындармен қоса, бизнестен де қатты талап етілмек.

Испанияда ауызсуды пайдалануға қатаң шектеу қойылады, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz 24.kz сілтеме жасап.

Еуропадағы климаттық өзгерістер су тапшылығына әкеп соқтырды. Құрлықты құрғақшылық жайлап, аптап ыстық су қорын айтарлықтай азайтқан. Алдағы мамыр айында жауын шашын аз түссе, елдің солтүстігіндегі Каталония аймағында құрғақшылық болып, төтенше жағдай жариялауы мүмкін. Сондықтан Үкімет ауыз суға қатысты жаңа шектеулерді енгізбек.

Атап айтқанда, тұрмыс пен коммерциялық мақсатта суды тұтыну қатаң бақыланатын болады және су беру қысымы төмендетіледі. Бүгінде бір тұрғын тәулігіне 317 литр су тұтынады екен, жаңа шектеулерге сәйкес тұтыну көрсеткіші 180 литрге дейін қысқармақ.

Үнемдеу қарапайым тұрғындармен қоса, бизнестен де қатты талап етіледі. Мәселен Барселоналық пен осы қалаға келген туристі салыстырсақ, саяхатшы суды бес есе көп пайдаланады. Бұл туралы мемлекеттік суды зерттеу институтының мамандары мәлім етті. Осыған байланысты жергілікті билік қонақ үйлердегі душ суын тазартып, екінші рет қолдануға мүмкіндік беретін резервуарларға инвестиция тартуды талап етпек. 

Жергілікті биліктің талабына сай бассейндердің тереңдігі енді 2 метрден аспауы тиіс. Құрылыс компаниялары да бұл шектеулерді қатаң ескеруі тиіс.