Инженерлік желілер қайта жаңғыртылды

Инженерлік желілер қайта жаңғыртылды
Almaty-akshamy.kz

Түрксіб ауданының Шуақты шағын ауданында инженерлік желілерді қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілді. Әлмерек, Жас Қанат, Нұршашқан және Қайрат ықшамауданда жұмыстар аяқталуда.

Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингте Түрксіб ауданының әкімі Бақытжан Ақжаровтың ауданның инженерлік желілерін жаңғырту бойынша атқарылып жатқан шараларға тоқталды.

Аудан әкімі мәлім еткендей, тамыз айында Шуақты ықшамауданында 400 үйді қамтитын сумен жабдықтау және су бұру желілерінің құрылысы аяқталды. Сонымен қатар, 20 мың абонентке қызмет көрсететін Тбилисская көшесінің бойындағы 400 метрден астам кәріз эстакадасын қайта жаңарту жүргізілді. Сондай-ақ, ағымдағы жылдың соңына дейін 2470 абонентке арналған Әлмерек, Жас қанат шағын аудандарында 17,6 шақырым су құбыры мен 18,8 шақырым кәріз желісінің құрылысы аяқталады.

5500 абонентке арналған Маяк, Нижняя Пятилетка және Закарпатская көшелерінде 2024 жылы аяқталатын 131,3 шақырым су құбыры мен 56 шақырым кәріз құрылысын салу жобалары басталды. Қайрат ықшамаудандарындағы екінші кезектің 40 км су құбыры және су бұру желілерін салу бойынша құрылыс жұмыстары 2024 жылдың екінші тоқсанында бастау жоспарлануда.

«Сумен жабдықтау және кәріз желілерін жобалау жұмыстары 2 учаске жалғасуда: ауданның орталық бөлігінде, Рысқұлова – Жансүгіров – Шолохов – Сейфуллин көшелері алаңында және Әуежай көлі маңында. Құрылыс-монтаж жұмыстарының болжамды басталуы 2024 жылдың екінші тоқсаны», – деді Б. Ақжаров.

«Қазіргі уақытта жеке учаскелердің меншік иелерімен сервитут шарттары жасалуда, олар арқылы жеткізу желілері салынатын болады. Жұмыстарды аяқтау жыл соңына жоспарланған», - деді сөз соңында Түрксіб ауданының әкімі.