Талдықорғанда 300-ден астам азамат апатты үйде тұрып жатыр

Талдықорғанда 300-ден астам азамат апатты үйде тұрып жатыр
Сурет: Ашық дереккөз

Бұл үйлер тұрғындарға «Нұрлы Жер» бағдарламасы аясында дайындалған

Талдықорған қаласының аумағында 300-ден астам азамат 14 апатты үйде тұрып жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап.

Әкімдіктің мәліметінше, ескі үйлер Кивилев, Шевченко, Абылай хан көшелері мен Жетісу шағын аумағында орналасқан. Кивилев көшесінің бойында 8 пәтерлі 4 үй орналасқан. Оның ішінде 29 пәтердің меншік құқығы бар. Ал үшеуі заңдастырылмаған. Жергілікті билік тұрғындарды көшіру үшін әзірге тек 27 пәтер сатып алынғанын жеткізді. 

«Бұл үйлер тұрғындарға «Нұрлы Жер» бағдарламасы аясында дайындалған «Талдықорған қаласының 2022-2025 жылдарға арналған тұрғын үй қорын реновациялау бағдарламасы» шеңберінде беріледі. Яғни бұл бағдарлама апатты тұрғын үйлерді сүріп, одан азаматтарды көшіруді қарастырады», – деді Талдықорған қаласының әкімі Әсет Масабаев.