Индустриялық аймақтың жұмысшылары мен резиденттері «Біз таза қала үшін» акциясына қатысты

Индустриялық аймақтың жұмысшылары мен резиденттері «Біз таза қала үшін» акциясына қатысты
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Алатау ауданында қарасты Индустриялық аймақта «Біз таза қала үшін» акциясы өтті. Іс-шара «Алматы-біздің ортақ үйіміз» науқанына орай ұйымдастырылды.

Индустриялық аймақта орналасқан барлық кәсіпорындар өз мекемелерінің айналасын тазартты. Жалпы тазалық шарасына 100 аса адам қатысты. Қатысушылар, аймақтағы арықтарды қоқыстан тазалап, ағаштар мен жолақтарды бояды. Сонымен қатар, көшенің тазалығын қамтамасыз ету мақсатында арнайы техникалар жұмылдырылды.

«Бүгін «Алматы-біздің ортақ үйіміз» науқаны аясында Индустриялық аймақтың барлық қызметкерлері мен резиденттері тазалық шарасына қатысуда. Олар өз мекемелерінің айналасын, инфрақұрылымдарын тазалады. Науқанға қатысушалардың барлығы арнайы құрал-жабдықтармен қамтамасыздандырылды. Резиденттер арасында жоғары экологиялық тазалық мәдениетін қалыптастыруду мақсат етіп отырмыз. Науқан аясында барлық ағаштар мен жолақтар әктеліп, арықтар тазаланды. Сонымен қатар, джол бойындағы қоқыстардан тазартылды» – деді Индустриялық аймақ басшысының орынбасары Арнұр Қазыбекұлы.