Гуманитарлық көмек тасымалдау үшін Америкадан 3 дрон жеткізілді

Гуманитарлық көмек тасымалдау үшін Америкадан 3 дрон жеткізілді
Сурет: Egemen.kz

Дрондар 10 шақырым радиуста 30-40 келіге дейін жүк көтеріп, күніне 100-ге дейін рейс жасай алады

Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

 Америкадан әкелінген дрон құрылғыларының маркасы - ARC Drones.

«Қазір ARC Drones өкілдері Атырау қаласында жүр, олар ТЖМ қызметкерлерімен бірлесіп ең шалғай және жеткізу қиындық туғызатын жерлерге азық-түлік, дәрі-дәрмек пен басқа да өмірлік маңызды заттарды шұғыл тасымалдау жұмыстарына кірісуге дайын», деп жазды Бағдат Мусин.

ARC Drones – отандастарымыз Әлібек Ерсай мен Әсел Тұрсын негізін қалаған америкалық стартап. Бұл дрондар 10 шақырым радиуста 30-40 келіге дейін жүк көтеріп, күніне 100-ге дейін рейс жасай алады.

Министр аталған дрондар су сынамаларын да жинауға қауқарлы екенін айтты.

Сондай-ақ ARC Drones дрон құрылғысы құтқарушылар мен еріктілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, жұмысын жеңілдетеді.