Грузия жасыл төлқұжат енгізді

Грузия жасыл төлқұжат енгізді
Сурет: Кavkazplus.com

COVID-19: Грузия жасыл төлқұжат енгізді

Халық арасында вакциналау баяу жүріп жатқан мемлекетте эпидемиологиялық ахуал нашарлаған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап

Күн сайын коронавирусты 5 мыңнан аса адам жұқтырып, тәулігіне 70 адам көз жұмады. Билік көптен бері қауіпсіз, жасыл аймақ құрмақ болған еді.

Жаңа тәртіп күшіне енді. Грузияда енді қоғамдық орындардың бәріне тек жасыл төлқұжатпен кіруге болады.

Шара желтоқсанның 1-інен бастап күшіне енді. Кинотеатр, театр, мұражай, мейрамхана және қысқы шаңғы орындары жаңа тәртіп бойынша ғана жұмыс істей алады.

Бірақ мәдени орындар мен мейрамханаларға кірушілердің саны арттырылды.