Грант конкурсына қатысу үшін өтініш қабылдау басталды

Грант конкурсына қатысу үшін өтініш қабылдау басталды
Сурет: Stan.kz

Бүгін еліміз бойынша ЖОО-да білім беру гранттарының конкурсына қатысу үшін өтініш қабылдау басталды.

Ол 20 шілдеге дейін жүргізіледі. Талапкерлер өтініштерін онлайн да, офлайн да тапсыра алады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

Биыл құжаттарды қабылдау еGov арқылы онлайн форматта немесе ЖОО-лардың қабылдау комиссиялары арқылы офлайн форматта жүзеге асырылады. Сондай-ақ, ЖОО-да виртуалды қабылдау комиссиясы жұмыс істейтін болады. Құжаттарды қабылдау кез келген ЖОО (орналасқан жері бойынша) арқылы жүзеге асыруға болады.