Грант алуға өтінімдер қабылдау мерзімі кейінге қалдырылады

Грант алуға өтінімдер қабылдау мерзімі кейінге қалдырылады
Сурет: Gov.kz

2024 жылы республика бойынша бизнес-идеяларды іске асыру үшін 9000 грант беру жоспарланып отыр.

Еліміздегі су тасқыны салдарынан туындаған күрделі ахуалға байланысты үміткерлерден жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін гранттар алуға өтінімдерді қабылдаудың бірінші легінің мерзімдері кейінге шегерілді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Өтінімдерді қабылдаудың басталуы туралы қосымша хабарланады.