Головкин титулдарынан бас тартты

Головкин титулдарынан бас тартты
Сурет: Inkaraganda.kz

Бұл ақпаратты IBO президенті Эд Левин растады.

Геннадий Головкин әлем чемпионы титулдарының бәрінен бас тартты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Геннадий мен IBO арасындағы өзара сыйластық пен әріптестік 12 жыл, 22 жекпе-жекке жалғасты. 2011 жылдағыдай GGG орта салмақтағы үздік боксшы болып қала береді. Негізгі қарсыластары онымен айқасудан қашатын, қатарынан болған 15 нокаут бұның себебін түсіндіріп тұрған тәрізді. Головкин - ешқашан нокдаунға түспеген күшті, тамаша боксшы», - деді ол.