Газ жарылып, төрт адам зардап шекті

Газ жарылып, төрт адам зардап шекті
Сурет: видеодан алынды

Алматы облысындағы Гүлдала ауылында табиғи газ плитасы жарылып, төрт адам зардап шекті.

Оқиға, кеше таңғы уақытта Сүйінбай мен Байтұрсынұлы көшелерінде болған, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz.

Жарылыстан зардап шеккен екі тұрғын Алматыдағы 4-клиникалық емханасына жатқызылды. Ал денелерін күйік шалған тағы екі тұрғын Алматы көпсалалы клникалық ауруханасына жеткізілген.

"Науқастар жансақтау бөлімінде жатыр. Жағдайлары ауыр.  Оларға тиісті медициналық көмек көрсетілуде", - деп хабарлады емхананың баспасөз қызметі.

Апат құбырдағы газ қысымының күрт жоғарылауынан болуы мүмкін. Оқыс оқиғадан кейін Төтенше жағдайлар қызметі мен газға жауапты компания жеке үйлерді аралап, газ қауіпсіздігін тексере бастады.