Франция су ресурстарын үнемдеуге көшті

Франция су ресурстарын үнемдеуге көшті
сурет:watermagazine.ru

Су ресурстарын сақтау мақсатында Эммануэль Макрон жалпыұлттық жоспар ұсынды.

Франция Президенті су тұтынуды 10% қысқартуды талап етті, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz 24.kz сілтеме жасап. 

Су ресурстарын сақтау мақсатында Эммануэль Макрон жалпыұлттық жоспар ұсынды. Оған сәйкес, Францияда 2030 жылға қарай экономиканың барлық саласында су үнемделеді. Бұл бастама әлемдегі климат өзгерісіне қарсы қабылданып отыр. Өйткені биылғы жаздың өзінде елге құрғақшылық, орман өрттері мен өзендердің тартылу қаупі төніп тұр.