Франкфуртта Қазақстанның фотокөрмесі өтіп жатыр

Франкфуртта Қазақстанның фотокөрмесі өтіп жатыр
Cурет: ҚР СІМ баспасөз қызметі

Қазақ салт-дәстүрі шетелде таныстырылды.

Ел тәуелсіздігінің 30-жылдығын атап өту аясында Германияның Майндағы Франкфурт қаласының белгілі «Skyline Plaza Messe Frankfurt» бизнес және сауда орталығында фотокөрме ашылды, деп хабарлайды  Almaty-akshamy.kz.

ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, көрме Қазақстанның мәдениетіне, экономикалық әлеуетіне, салт-дәстүрлеріне, саяси және халықаралық жетістіктеріне арналған. Көрменің ашылу рәсімінде Қазақстанның Германиядағы Елшісі Дәурен Кәріпов және Майндағы Франкфурт қаласындағы Бас консулы Ермұхамбет Қоныспаев мемлекетіміздің тарихы мен халқымыздың мәдениеті, сондай-ақ салт-дәстүрлері туралы айтып өтті.