Еуропалық Парламент ғимаратында «Қазақстан – ұлы дала елі» атты көрме ашылды

Еуропалық Парламент ғимаратында «Қазақстан – ұлы дала елі» атты көрме ашылды
Cурет: Qazaqstan.tv

Еуропарламентте Қазақстан жайлы көрме ашылды

Шараны еліміздің Бельгиядағы елшілігі Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы дипломатиялық қатынастардың 30 жылдығын атап өту қарсаңында ұйымдастырып отыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Көрмеге еліміздің көрікті жерлерінің, танымал тұлғаларының суреттері мен ұлттық бұйымдар қойылған. Дипломаттар жиналғандарға қазақтың салт-дәстүр, әдет-ғұрпы жайлы әңгімелеп, ұлттық бұйымдардың, музыкалық аспаптардың тарихымен таныстырды. Еуропалық Одақ өкілдері, Еуропарламент депутаттары мен қала қонақтары қазақтың бай мәдени мұрасын насихаттайтын көрмені осы аптаның соңына дейін тамашалай алады.

«Қазақстан-Еуропалық Одақтың басты сауда серіктесі. Ядролық қарудан бас тартып, заңның үстемдік етуі, демократиялық бағытта аз уақыттың ішінде қыруар жұмыс атқардыңыздар. Біз Қазақстанды, елдеріңіздің жетістіктерін Еуропарламентте көпшілікке таныстырып жатқанымызға қуаныштымыз», - дейді Еуропалық Парламент депутаты Гельмут Гойкинг.