Есік қаласының әкімі парамен ұсталды

Есік қаласының әкімі парамен ұсталды
Сурет: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Алматы облысы Есік қаласының әкімін қамауға алды.

Ұсталған шенеунік пара алды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Egemen.kz-ке сілтеме жасап.
Агенттіктің баспасөз қызметі мәлімдегендей, күдікке ілінген әкім қаржылық қылмыс жасағанын мойындады.
«Ол қаланың ойын алаңын абаттандыру жөніндегі жұмыстарды мемлекеттік сатып алу шарты бойынша бюджет қаражатын кедергісіз төлегені үшін жеке компания өкілінен ірі мөлшерде пара алды деген күдікке ілінді. Күдікті кінәні толығымен мойындады», - делінген ресми ақпаратта.

Ведомство өкілдері сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын қоса хабарлады. Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.