Есентай өзені арқылы өтетін көпірде 8 жолақты көлік қозғалысы ашылды

Есентай өзені арқылы өтетін көпірде 8 жолақты көлік қозғалысы ашылды
almaty-akshamy.kz

Алматыда әл-Фараби даңғылындағы Есентай өзені арқылы өтетін көпірде 8 жолақты көлік қозғалысы уақтылы ашылды, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

Ағымдағы жылы шілдеде техникалық сараптама нәтижелеріне сәйкес апаттық жағдайда деп танылған әл-Фараби даңғылындағы Есентай өзені арқылы өтетін көпірді реконструкциялау жұмыстары басталған болатын. Жаңғырту жұмыстары аясында беларқаларды күшейту, ескілерін алынып, 96 жаңа аралық құрылыс плиталары орнатылды, гидроизоляция жасалып, асфальтбетон жабыны төселді. 1 қыркүйек кестеге сәйкес техникалық ашылуы болды.

Қазіргі кезде абаттандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр, жаяу жүргіншілерге көлік жүретін бөліктің екі шетінен уақытша жолақ бөлінген. Көпірдің бойымен толығымен көлік қозғалысы ашық.