Ертең Жетісу және Түрксіб аудандарының кей көшелерінде суық су болмайды

Ертең Жетісу және Түрксіб аудандарының кей көшелерінде суық су болмайды
Сурет: News.vtomske.ru

Себеп – суық су желілеріндегі апат.

Жетісу және Түрксіб аудандарының біршама көшелерінде суық судың болмауына байланысты «Алматы су» келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

21 сәуір сағат 16:00 ден бастап Рысқұлов даңғылынан батыс бағытқа қарай орналасқан Герцен көшесінің қиылысымен көлік жолының екі жолағы уақытша жабылады.

Сүйінбай-Рысқұлов даңғылы - Шемякин-Хмельницкий, Рысқұлов даңғылы - Парковая - Құлыншақ – Бәйішев көшелерінің қиылысында орналасқан әкімшілік ғимараттар мен тұрғын үйлерге су беру уақытша шектеледі. 21 сәуір күні сағат 23:00-ге дейін су беру жоспарлануда.

«Алматы су» МКК апаттық бригадасы Герцен көшесінде D-500 мм құрайтын магистральдық су құбырында апаттық қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуде. Төтенше жағдайды жоюға 12 техника жұмылдырылды.

Герцен көшесі арқылы өтетін магистральдық су құбыры 1962 жылы пайдалануға беріліп, қаланы сумен қамтамасыз ету мақсатында 60 жыл жұмыс істеп тозығы жеткен.

Алматы қаласының қолданыстағы желілері мен нысандары айтарлықтай тозығы жеткен. Су құбыры желілерінің жалпы ұзындығы 3528 шақырым, оның ішінде 1941,2 шақырымына қайта жөндеу жұмыстары қажет.

Диспетчерлік қызмет 274-66-66, +77718529101.