Ертең Үкімет отырысы өтеді

Ертең Үкімет отырысы өтеді

Онлайн-трансляция Қазақстан Үкіметі Telegram-каналында жүреді.

Сейсенбі күні, 9 тамызда, сағат 10:00-де Үкімет үйінде ҚР Үкіметінің отырысы өтеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Үкіметтің ресми ресурсына сілтеме жасап.

Күн тәртібінде:

  1. «Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасын іске асыру барысы;
  2. 2022 жылдың І жартыжылдығы бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдар басшыларының халықпен кездесулерінің қорытындылары.

Отырыстың тікелей таратылымын PrimeMinister.kz сайтынан, YouTube ресми арнасынан, Facebook, Twitter, ВКонтакте әлеуметтік желілерінен көре аласыздар.  Сондай-ақ онлайн-трансляция Қазақстан Үкіметі Telegram-каналында жүреді.