Еркін күрестен әлем чемпионатына кімдер қатысады

Еркін күрестен әлем чемпионатына кімдер қатысады
Сурет: ашық дереккөз

Айтулы додаға бір айдан аз уақыт қалды

Еркін күрестен Белградта өтетін әлем чемпионатына қатысатын қазақстандық спортшылардың аты-жөні белгілі болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.  

Қазақстанның грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясы хабарлағандай, чемпионатқа еркін күрестен Қазақстан құрамасы толық құрамда қатысады.

Сонымен, алдағы әлем чемпионатына қатысатындар:

  • 57 кг дейін – Мейрамбек Қартбай;
  • 61 кг дейін – Өсімжан Дастанбек;
  • 65 кг дейін – Әділ Оспанов;
  • 70 кг дейін – Санжар Досжанов;
  • 74 кг дейін – Нұрқожа Қайпанов;
  • 79 кг дейін – Болат Сақаев;
  • 86 кг дейін – Азамат Дәулетбеков;
  • 92 кг дейін – Ризабек Айтмұхан;
  • 97 кг дейін – Алишер Ерғали;
  • 125 кг дейін –  Юсуп Батырмурзаев.

«16-24 қыркүйек аралығында Сербия астанасында жылдың басты оқиғасы – Әлем чемпионаты өтеді. Бұл чемпионат – 2024 жылғы Олимпиада ойындары алдындағы алғашқы лицензиялық турнир», - деп атап өтті федерация өкілдері.