Еркежан Жаңатаева үздік танылды

Еркежан Жаңатаева үздік танылды
Сурет: Қазақстан теннис федерациясы

Қазақстандық жасөспірім теннисшілер Германияның Ульм қаласында 14 және 16 жасқа дейінгілер арасында екінші санаттағы Tennis Europe сериясы бойынша өткен Müller Junior Cup Ulm турнирінде жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткеніндей, 14 жасқа дейінгілер арасында Еркежан Жаңатаева жекелей сында үздік шықты.

Еркежан финалда германиялық Франческа Парцеллиді тізе бүктірді – 4:6, 6:4, 6:2.

Жұптық сында Ярослав Пшеничный мен Мансұр Сайынов қарсылас шақ келтірмеді. Ал Әдия Омарбек германиялық Гудит Пламен бірге финалист атанды.

Сәтима Төреген 16 жасқа дейінгілер арасында жеңіс тұғырына көтерілді. Ол соңғы бәсекеде неміс Ида Вобкерді қапы қалдырды – 6:3, 6:7 (4:7), 6:4.

Ұлдар арасында Родион Лукашов – Олжас Есенәлі финалға дейін жетті.

photo
photo