Ереуілге шыққан бандиттер есірткі қабылдаған – Президент

Ереуілге шыққан бандиттер есірткі қабылдаған – Президент
Cурет: Inform.kz

Бандиттер жарақат болған кездегі ауырсынуды сезінбеген

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Хабар 24» телеарнасына берген сұхбатында Алматыда болған жаппай тәртіпсіздіктер жайлы айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Президент сұхбат барысында қаңтардағы оқиғаларға қатысқан бандиттер есірткінің күшімен жүргенін айтты. 

«Қазіргі тергеу амалдары ұрыс іс қимылдарына тікелей қатысқан бандиттер есірткінің әсерінде болды. Оларда ауырсу сезімдері болмаған. Егер күштік құрылымдар соңғы кезеңде қару қолдана бастап, аяқтарын атқанда олар құлап, бірақ, әдетте жарақат болған кездегі ауырсынуды сезінбеген. Бұл операцияның өте тыңғылықты дайындалғанын тағы да білдіреді», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент сондай-ақ қоғамды алаңдатқан қасіретті қаңтар оқиғасының себептері мен салдары, алдағы саяси және әлеуметтік реформалар, Қазақстанның сыртқы саясаттағы негізгі серіктестері мен қарым-қатынастары туралы сауалдарға жауап берді.