Алматыда жол жөндеу компанияларының «қара» тізімі жасалды

Алматыда жол жөндеу компанияларының «қара» тізімі жасалды
Сурет: Almaty.tv

Ерболат Досаев: Бізде жол жөндеу компанияларының «қара» тізімі бар, оларды өз шұңқырлары мен ақауларын жоюға мәжбүрлейміз

Бүгін Алматы әкімі Ерболат Досаевтың Жетісу ауданы тұрғындарымен кездесуі өтті. Оның барасында аудан тұрғындары қала басшысына сұрақтарын қойыа, өтініш-тілектерін білдірді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Тұрғынның сұрағы: Бізге көмектесетін тазалықшыларды бергеніңіз үшін алғыс айтқым келеді. Мен 1994 жылдан бері жылжымайтын мүлік иелері қауымдастығының төрағасымын. Менің сұрағым мынау: жер шұңқыр, үйге кіретін жол жоқ. Шілде айында шұңқырды жамап, тегістеп береміз деп уәде бергенсіздер. Емін-еркін жүріп-тұру үшін жолды жөндеп беруіңізді сұраймын. 
Мекен-жайы: Эйхе көшесі, 21.

Алматы әкімі Ерболат Досаев: 
"Өкінішке қарай, Жетісу ауданында өз жұмыстарын сапасыз орындайтын мердігерлердің белгілі бір тізімі бар. Солардың бірі - "Сұңқар" ЖШС, Оларды сапасыз жұмыстарын қалпына келтіруге мәжбүрлейміз. Мен әкімдікке сіз айтқан мекенжай бойынша тапсырма беремін. Біз қыркүйек айының соңына дейін жұмысты аяқтауға тырысамыз: оны мүмкіндігінше ыңғайлы етіп жасаймыз және қыста ешқандай проблема болмайды", -  деп жауап берді. 

Бұған дейін, баяндама барысында мегаполис әкімі биыл Жетісу ауданында 18 көшеде 22 шақырым жолға орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланғанын хабарлады. 4 көшеде (Омаров, Қазыбаев, Қожамияров, Қазыбаев көшесі) жол жөндеу жұмыстары ағымдағы жылдың қыркүйек айында аяқталады, қалған 14 көше ағымдағы жылдың қазан айында аяқталады. Қазан айының соңына дейін ағымдағы жөндеумен тағы 7 мың м2 қамтылады.