Тағы да қола...

Тағы да қола...
Сурет: Olympic.kz

Бұл - қазақстандық балуандардың Токиодағы алғашқы медалі.

Токио Олимпиадасында еркін күрестен 57 келіге дейінгі салмақтағы қола медаль үшін кездесулер басталды. Қазақстандық Нұрислам Санаев қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Ол кіші финалда болгариялық Георгий Вангеловті 5:1 есебімен ұтты. 

Қазақстандық балуан жартылай финалда Үндістан балуаны Рави Кумарға есе жіберген еді. Қола медаль үшін күресте Санаев намысты қолдан бермеді.