ЕО жасанды интеллектіні қолдануды реттеу туралы келісімге қол жеткізді

ЕО жасанды интеллектіні қолдануды реттеу туралы келісімге қол жеткізді
Сурет: ашық дерекөз

Еуропарламент, Еурокомиссия және ЕО мемлекеттерінің өкілдері үш күндік келіссөздерден кейін жасанды интеллект туралы заң бойынша саяси келісімге қол жеткізді. Еуропада жасанды интеллект туралы әлемдегі алғашқы заң қабылдануы тиіс, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz DW-ге сілтеме жасап.

Еуропалық Одақ жасанды интеллектіні (ЖИ) пайдалануға қатысты нормаларды қатаңдатады.

Тиісті ережелер (Artificial Intelligence Act) туралы Брюссельде 8 желтоқсан, жұма күні кешке Еуропарламент, Еуропалық комиссия және ЕО-ға мүше елдердің өкілдері үш күндік келіссөздерден кейін келісті.

Еуропарламент хабарламасында атап өтілгендей, заң жобасының мақсаты «Еуропадағы жасанды интеллект қауіпсіздігін, негізгі құқықтар мен демократияны құрметтеуді және бизнестің өркендеуі мен кеңею мүмкіндігін қамтамасыз етуге» бағытталған.

Еуропалық комиссияның 2021 жылдың сәуіріндегі ұсынысына сәйкес, жасанды интеллект жүйелері әртүрлі тәуекел топтарына бөлінуі керек. Қосымшаның ықтимал қаупі неғұрлым жоғары болса, оған қойылатын талаптар соғұрлым қатаң болуы тиіс.

Жасанды интеллекттің үлкен деректермен жұмыс істеуге үйретілген өте қуатты модельдері - базалық модельдерді реттеу мәселесі бойынша келіссөздер тоқтай жаздады, деп жазады dpa агенттігі. Көптеген басқа қосымшаларға негізделуі мүмкін ұқсас негізгі үлгілерге, мысалы, GPT кіреді. Германия, Франция және Италия реттеу негізгі технологияның өзіне емес, тек нақты ЖИ қосымшаларына қолданылуын жақтады