Алматыда «Мемлекеттік қызметтерді алу жолдары» түсіндірілді

Алматыда «Мемлекеттік қызметтерді алу жолдары» түсіндірілді
Сурет: Дереккөз

Ашық есік күні

Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі аппаратының ғимаратында «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында Мемлекеттік қызмет департаментінің қолдауымен ашық есік күні өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 
Іс-шараның мақсаты – аппараттың бөлімдері көрсететін мемлекеттік қызметті қолдану тәртібін түсіндіру. Азаматтарды қабылдау нәтижесі бойынша 23 келушіге нұсқау берілген. Айта кетейік, Әуезов ауданынан бастау алған бұл үрдіс келесі бейсенбіде Алатау ауданында жалғасады. 

«Біз аптаның әр бейсенбі күндерінде қаламыздың 8 ауданында осындай түсіндіру жұмыстарын жүргізілуде. Қызмет алған тұрғындар бүгінде өз мәселелерін шешіп жатыр. Қолымыздан келгенше халықтың  сұрақтарына құлақ асып, ұсыныс, бағыт-бағдар беріп жатырмыз. Түсіндіру жұмыстарына белсене атсалысқан тұрғындар мен қызметкерлерге алғысымды білдіремін», – дейді Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департамент өкілі Мақсат Жаңбыршиев.

Естеріңізге сала кетейік, Әуезов ауданының әкімдігі әлеуметтік сала, спорт және азаматтық, халық актілері саласының бөлімдері бойынша мемлекеттік қызметтің 11 түрін көрсетеді. Сондай-ақ, мемлекеттік қызметтер «электрондық үкімет» порталы немесе «Азаматтарға арналған үкімет «мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ филиалы арқылы қала тұрғындарының қолайлылығы мен жайлылығын арттыру мақсатында электрондық форматта көрсетіледі.
18 тамыздағы жағдай бойынша ағымдағы жылы Әуезов ауданы әкімінің аппараты халыққа 17 049 мемлекеттік қызмет көрсеткен.