Сарапшылар ата-аналарға балаларды міндетті түрде вакциналауға кеңес береді

Сарапшылар ата-аналарға балаларды міндетті түрде вакциналауға кеңес береді
Сурет: Inform.kz

Вакцина асқынулардың алдын алады.

Cарапшылар  коронавирустың күзгі толқыны қарсаңында ата-аналарға балаларды міндетті түрде вакциналауға кеңес береді. Ғылыми зерттеулер көрсеткендей, екпе алу қауіпті асқынулардың алдын алады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-ға сілтеме жасап.      

«Дельта штаммының толқыны кезінде The Lancet-тегі мақала авторлары Данияда вакциналанған және вакциналанбаған балаларда MIS-С қаншалықты жиі кездесетінін салыстырды. Вакциналанбағандарда MIS-C-ның даму жиілігі 3 400 адамға 1-ден, коронавирус жұқтырған вакцинацияланғандарда 1-ден 9 900-де 1-ге дейін, яғни үш есе аз болды. Әлемде Mis-C-ның  алдын алу тұрғысынан вакцинацияның тиімділігі 94% құрады», - делінген хабарламада.