Энтони Смит алғашқы раундта жеңісті иеленді

Энтони Смит алғашқы раундта жеңісті иеленді
Сурет: Fansided.com

UFC Vegas 37: Смит Спэннді бірінші раундта сұлатты

Лас-Вегаста (АҚШ, Невада штаты) өткен UFC Vegas 37 турнирінің басты жекпе-жегінде америкалықтар Энтони Смит пен Райан Спенн кездесті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Prosports.kz-ке сілтеме жасап.

Жеңіл салмақтағы файтерлер рейтингінде Смит алтыншы, Спенн он бірінші орынға жайғасқан.

Аталған жекпе-жектің басынан Смит басымдыққа ие болды. Бағыттаған соққылары дәл тиіп жатты. Ал бірінші раунд аяқталар тұста самбишен әдісімен жеңді.

Айта кетейік, Смит кәсіби мансабындағы 36-шы жеңісіне (UFC-де 11 жеңіс пен 6 жеңіліс) қол жеткізді.