Енді ХҚО-дан құжаттарды үйге жедел жеткізу арқылы алуға болады

Енді ХҚО-дан құжаттарды үйге жедел жеткізу арқылы алуға болады
Сурет: ХҚО

Мемлекеттік қызметтердің 150 түрі бойынша құжаттарды ала аласыз

ХҚО-дан дайын құжаттарды алуға енді үйден тапсырыс беруге болады, оларды Яндекс Доставка курьерлері әкеп береді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Жеткізу уақыты орта есеппен бір сағатты құрайды. Осылайша Сіз танымал мемлекеттік қызметтердің 150 түрі бойынша құжаттарды ала аласыз. Қызмет Қазақстанның 17 қаласында қолжетімді.

Пайдаланушының смартфонына 1414 нөмірінен құжаттардың дайын болғаны туралы, сондай-ақ express.gov4c.kz порталында дайын құжаттарды жеткізуді ресімдеуге ұсыныс білдіретін SMS-хабарлама жолданады. Бұдан әрі форманы толтырып, жеткізу мекен-жайы мен телефонын көрсетіп, жеткізілім ақысын төлеу керек.

Курьер бірден тағайындалады, ал жеткізудің нақты уақыты тапсырыс берілген кезде белгілі бір аймақтағы курьерлік қызметтерге сұраныстың болуымен, межелі жерге дейінгі қашықтыққа және жолдағы жағдайға байланысты анықталады. Орташа алғанда, ол бір сағатты құрайды. Жеткізу мәртебесін Яндекс Go қосымшасында, егер ол пайдаланушыда орнатылған болса, немесе SMS-хабарламада көрсетілген сілтеме бойынша карта виджеті арқылы бақылауға болады.

ХҚО-дан құжаттарды жеткізу азаматтарды орталыққа қайта барудан босатады, сонымен бірге уақытты үнемдейді. Бұл жұмыс істейтін адамдарға, қалдырып кетуге болмайтын кішкентай балалары немесе басқа туыстары бар азаматтарға қолайлы болуы мүмкін.