Еліміздің вакцина паспортын қай елдер мойындағаны белгілі болды

Еліміздің вакцина паспортын қай елдер мойындағаны белгілі болды
Cурет: Egemen.kz

Қазір әрбір мемлекетпен кезең-кезеңмен жұмыс жүргізілуде

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирусқа қарсы вакцинаның қазақстандық паспортын қай елдер мойындағанын айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Egemen.kz-ке сілтеме жасап.

«Әр ел коронавирусқа қарсы вакцинация паспорттарын өзара тану үшін өз талаптары мен тәсілдерін белгілеуде. Біз осы бағытта жұмыс істеп жатырмыз», -  еді Цой ОКҚ брифингінде.

Сонымен қатар ол осы уақытқа дейін Қазақстан бірқатар мемлекеттермен вакцинация паспорттарын өзара мойындағанын хабарлады. Олардың қатарында Грузия, Венгрия, Қырғызстан, Моңғолия, Үндістан, Молдова, Таиланд, Түркия, Беларусь, Филиппин, сондай-ақ Вьетнам, Египет және Оман бар.

«Қазір әрбір мемлекетпен кезең-кезеңмен жұмыс жүргізілуде. Бұл жұмыс жалғасуда», - деп түйіндеді Денсаулық сақтау министрі.