Елімізде індеттің таралуы төмендеді

Елімізде індеттің таралуы төмендеді
Сурет: Vlast.kz

1 тамыздан бастап Қазақстан Республикасында коронавирус инфекциясының таралу индексі 1,11-ден 0,97-ге, яғни 14 пайызға төмендеген.

Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді, – деп хабарлады Almaty-akshamy.kz

«Эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес Қазақстан Республикасы және елдің 16 өңірі «қызыл» аймақта орналасқан. «Жасыл» аймақта тек Түркістан облысы ғана тұр. Соңғы үш апта ішінде Қазақстанда эпидемиологиялық жағдайдың біртіндеп тұрақтануы байқалады. Бір аптаның ішінде орташа есеппен 53 мыңға жуық жағдай тіркелуде, осы аптаның өткен 4 күнінде КВИ-дің оң нәтижесімен 28 588 жағдай және КВИ-дің теріс нәтижесімен 1 376 жағдай тіркелді», – деді Алексей Цой.