Елімізде 65 Елбасы, 25 660 Нұрсұлтан есімді адам бар

Елімізде 65 Елбасы, 25 660 Нұрсұлтан есімді адам бар
Cурет: Aikyn.kz

Тәуелсіздік алғаннан кейін осы есімнің танымалдығы артқан

Қазақстанда Тәуелсіздікпен байланысты ерекше есімдер бар, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап.

Дереккөздің жазуынша, бүгінде Қазақстанда Елбасы есімді 65 адам тұрады. Нұрсұлтан есімді ерлердің саны – 25 660. Тәуелсіздік алғаннан кейін осы есімнің танымалдығы артқан.

Ұлттық статистика бюросының баспасөз хатшысы Әсем Алдоңғарқызы: «Ұлттық статистика бюросы есімдерге қатысты статистиканы ай сайын жүргізеді. Қазақстан тәуелсіздігімен байланысты есімдер жиі кездесіп жатады. Олар - Астана, Атазаң, Тәуелсіздік, Теңге, Елбасы, Қазақстан есімдері», – дейді.