Еліміздің үш қаласында ауа сапасы нашарлайды

Еліміздің үш қаласында ауа сапасы нашарлайды
Сурет: Azattyq-ruhy.kz

Сейсенбі күні Астана, Алматы қалаларында, түнде Атырау қаласында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайы күтіледі.

Өзге шаһарларда ауа сапасы норма шегінде болады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.