Еліміздің талап-тілегін, арманын орындауға жұмыс жасалуы керек - Аягүл Миразова

Еліміздің талап-тілегін, арманын орындауға жұмыс жасалуы керек - Аягүл Миразова
Сурет: Qamshy.kz

Ұлағатты ұстаз Аягүл Миразова Ата заңға енген жаңалықтар мен саяси реформаларға қол жеткізу үшін осындай сайлау керегін айтты. 

Мемлекет басшысына да оңай жүк емес. Ата заңға өзгерістер енгізді. Енді іске асырып, еліміздің талап-тілегін, арманын орындауға жұмыс жасалуы керек, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Президент сайлауы бәрімізді толғандырды. Әділ, дұрыс өтуін тіледік.  Солай болды да, қуанышымызда шек жоқ. «Алғашқы нәтиже қалай болар екен?» деп түнгі сағат 24:00-ді күтіп отырдық. Халық өз таңдауын әділ жасады. Президентке халық дауыс беру арқылы сенім артып отыр. Әрине, Мемлекет басшысына да оңай жүк емес.  Ата заңға өзгерістер енгізді. Әділ Қазақстан құру үшін платформаларын айтты. Енді іске асырып, еліміздің талап-тілегін, арманын орындауға жұмыс жасалуы керек. Сөз жүзінде емес, іс жүзінде көргіміз келеді. Соны тілейміз»,– деді Қазақстанның Еңбек Ері Аягүл Миразова.