Еліміздің бірнеше өңірінде жол жабылып қалды

Еліміздің бірнеше өңірінде жол жабылып қалды
Сурет: интернеттен

Шектеу автокөліктің барлық түріне қолданылады.

Ауа райының қолайсыздығына байланысты  4 облыста және Астанада көлік қозғалысына шектеу енгізілді, , деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАвтоЖол-ға сілтеме жасап.

Астанада – 1 учаске

"Астана-Теміртау" автожолы автокөліктің барлық түрі үшін жабылды.

Ақмола облысында - 1 учаске

"Екатеринбург-Алматы" 1292-1353 км, Жібек жолы ААП- Қарағанды облысының шекарасына дейін - 61 км. Шектеу жүк және қоғамдық көліктерге қолданылады.

Жетісу облысында - 1 учаске

"Үшарал-Достық" 84-184 км, Көктұма ст. -Достық ст. дейін – 100 км. Шектеу автокөліктің барлық түріне қолданылады.

Қарағанды облысында – 6 учаске

"Екатеринбург-Алматы" 1505-1854 км, Новостройка а. - Балқаш қ. дейін - 349 км.

"Қалқаман-Баянауыл-Үміткер-Ботақара" 231-324 км, Павлодар обл.шек-Ботақара к. дейін - 93 км.

"Қарағанды-Аягөз-Бұғаз" 17-217 км, Қарағанды қ. - Қарқаралы қ. аралығында - 200 км.

"Қызылорда-Павлодар" 970-1135 км, Қарағанды қ. - Павлодар обл.шек. дейін - 165 км.

"Қызылорда-Павлодар" 788-906 км, Ұлытау обл.шек.-Топар к. дейін – 118 км. Шектеу автокөліктің барлық түріне қолданылады.

"Екатеринбург-Алматы" 1353-1426 км, Ақмола обл.шек-Теміртау ААП - 73 км. Шектеу жүк және қоғамдық көліктерге қолданылады.

Павлодар облысында - 2 учаске

"Қызылорда-Павлодар" 1135-1206 км, Қарағанды обл.шек.-Шідерті кенті - 71 км.

"Қалқаман-Баянауыл-Үміткер-Ботақара" 137-231 км, Баянауыл а.-Қарағанды обл.шек - 94 км.