Еліміздің бір топ өнерпазы Оңтүстік Кореяда үздік деп танылды

Еліміздің бір топ өнерпазы Оңтүстік Кореяда үздік деп танылды
Сурет: 24.kz

Қарағандылық 2 ұжым ЧонАн қаласында өткен әлемдік би фестивалінде күміс жүлдені, жеңіп алды.

Және бір қызымыз жекелей сында жүлделі болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап. 

Чонан қаласында өткен халықаралық би фестивалінде  Қазақстандық команда финалға шықты. Жалпы сайысқа 16 ұжым қатысты.Оның 10-ы соңғы айналымға жолдама алды. Біздің ұжымның ерекшелігі олар фольклорлық ансамблдің сүйемелдеуімен өнер көрсетті.

Халықаралық фестивальге тек фольклорлық өнер ұжымдары ғана қатысқан. Қазақтан намысын "Аққу" би ансамблі мен "Арқа сазы" фольклорлық ансамблі қорғады. Біздің өнерпаздар Оңтүстік Кореяда ұлттық киімнің 5 түрін көрсетті. Көрермендер мен қазылар алқасы қазақтың би өнері, халық аспаптары және ұлттық музыкасымен танысты.

«Кореяның адамдары, көрермендері келіп, бізден мынау не шығарма, авторы кім, композиторы кім деп сондай сұрақтар қойып, біздермен фотоға түсіп біздерді жібермей. Сахнаның сыртында бізді жібермей жатты солай. "Би импровизациясы" аталымы бойынша жеке сайыста жүлделі орын қазақстандық Жәнел Оралға бұйырды», - дейді Қарағанды концерттік бірлестігі бас директорының орынбасары Баян Ахметжанова.

Қазақстандық әртістердің өнерін 5 күнде 870 мыңнан астам адам тамашалаған. Жарыс қорытындысы жарияланған соң көрермендер мен өнерпаздар дәстүр бойынша бірге биледі. Чонан қаласындағы келесі халықаралық би фестивалі 2024 жылдың қыркүйегіне белгіленді.