Еліміздің бес өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Еліміздің бес өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Сурет: Ашық дереккөзі

Сәрсенбі күні Қазақстанда аяз, шаңды дауыл және қатты жел болады

Еліміздің бес өңіріне ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Атырау облысының шығысында және орталығында оңтүстік-шығыстан жел соғып, екпіні 15-20 м/с жетеді.
5 қазанда Батыс Қазақстан облысында – күндіз оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында екпіні 15-20 м/с.

Қызылорда облысының орталығында дауыл соғады, солтүстік-шығыстан, шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында, оңтүстігінде, орталығында дауыл соғады. Оңтүстік-шығыстан жел соғып, күндіз солтүстік-шығыста, оңтүстікте, облыс орталығында 15-20 м/с.

Шымкентте – шығыстан 15-20 м/с жел соғады.