Еліміздің аумағын жаяу аралап шыққан қарияға пәтер кілті табысталды

Еліміздің аумағын жаяу аралап шыққан қарияға пәтер кілті табысталды
Сурет: Egemen.kz

72 жастағы ақсақал барлығы 8000 шақырымды артқа тастаған.

Сәрсенбай Қотырашов алты ай бойы Қазақстан аумағын жаяу аралап шықты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Ақсақал Жезқазғаннан шығып, елдің шығысымен өтіп, Каспийге жеткен. Ол барлығы 8000 шақырымды жүріп өтіпті. Күш-қайраты қайтпаған саяхатшы қарияға  жиһазбен және тұрмыстық техникамен жабдықталған пәтер сыйға берілді.

«Бұл - шынымен керемет нәтиже! Біздің облыстың барлық тұрғындары БАҚ арқылы сіздің сапарыңызды бақылап, сізге сәттілік тілеп, денсаулығыңызға алаңдап, ортамызға оралғаныңызды тіледі. Сіздің бұл ісіңіз - жас ұрпақ үшін үлкен үлгі. Сізге зор денсаулық, ұзақ өмір және сарқылмас қуат тілейміз. Сіздің осы ерлігіңіз үшін сізге Жезқазған қаласындағы екі бөлмелі пәтердің кілтін  табыстаймыз», - деп құттықтады «Қазақмыс Смэлтинг» ЖШС Бас директоры Нұрахмет Нұриев.