Елімізде жас ғалымдарға жыл сайын 200 баспана бөлінетін болды

Елімізде жас ғалымдарға  жыл сайын 200 баспана бөлінетін болды
almaty-akshamy.kz

Елімізде жас ғалымдарға  Үкімет тарапынан жыл сайын 200 баспана бөлінеді. Ал профессорлардың жалақысы жыл сайын 20%-ке өседі. Бұл туралы Жетісу өңіріне сапары барысында Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлімдеді.

Салаға алдағы 3 жылда 650 миллиард теңге бөлінеді. Оның 6,5 млрд теңгесі ғылымды дамытуға жұмсалады. Ақысыз жұмыс атқаратын Ұлттық ғылыми кеңес мүшелеріне айлық тағайындау жайы да қарастырылып жатыр.

Министрлік өз кезегінде өңірлердегі жоғары оқу орындарын дамытуға күш салады. Ол үшін 15 өңірлік, 5 педагогикалық университет таңдалды. Соның бірі – Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті. Ведомство басшысы университеттің материалдық-техникалық базасымен танысып, кітапханасы мен телестудиясын көрді. Жатақхана мәселесі де сөз болды.