Елімізде тұрмыстық зорлық-зомбылық көргендерге қызмет көрсететін 41 дағдарыс орталығы бар

Елімізде тұрмыстық зорлық-зомбылық көргендерге қызмет көрсететін 41 дағдарыс орталығы бар
Сурет: Ernur.kz

Биыл мұндай орталықтар 4 мыңға жуық адамға көмек көрсеткен

Зардап шеккендерге арнаулы әлеуметтік қызмет 6 айға дейінгі мерзімде көрсетіледі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Елімізде тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызметтерді 41 дағдарыс орталығы көрсетеді. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Үкімет отырысында айтты.

 «Дағдарыс орталықтары 18 өңірде жұмыс істейді. Алматы және Абай облыстарында әзірше мұндай орталықтар жоқ, сондықтан бұл өңірлерде оларды құру жұмыстарын жүргізу қажет. Биылдан бастап орталықтарды ұстау жергілікті бюджет қаражатынан жүзеге асырылады», – деді Тамара Дүйсенова. 

Министр мәліметінше, мұндай орталықтарда зардап шеккендерге арнаулы әлеуметтік қызмет 6 айға дейінгі мерзімде көрсетіледі. 

Осы уақытқа дейін орталықтар 3 мың 975 адамды қамтыды.