Елімізде телерадиоарналар жұмысы уақытша тоқтатылады

Елімізде телерадиоарналар жұмысы уақытша тоқтатылады
сурет: Inform.kz

Жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүреді

Қазақстанның барлық аумағында телерадиоарналарды ретрансляциялау уақытша тоқтатылады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Телерадио хабарларын тарату желілерінде жоспарлы-профилактикалық жұмыстар 2022 жылдың 20 шілде айында сағат 03:00 мен 17:00 аралығында (Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен) жерсеріктік, цифрлық және аналогты эфирлік желілердің техникалық құралдарындағы сервистер жабылып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізіледі. Жұмыстар жүргізілген кезде Қазақстанның барлық аумағында телерадиоарналарды ретрансляциялау уақытша тоқтатылады, - делінген хабарламада.