Елімізде осы айда 1047 цистерна бензин тасымалданады

Елімізде осы айда 1047 цистерна бензин тасымалданады
Сурет: Smi24.kz

Осы айда 369 мың тоннадан астам АИ- 95 маркалы бензин зауыттардан елдің әр өңіріндегі май құю бекеттеріне тасымалданады.

Мұны Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі хабарлады. Жалпы елдің түкпір-түкпіріне 1047 цистерна бензин жеткізілмек. Оның 341-і сұранысқа ие АИ- 95 маркадағы бензин.

Атырау мұнай өңдеу зауыты - 125, Шымкент зауыты - 102, Павлодар зауыты - 80 цистерна жанар-жағар май жөнелткен. Мұнай өнімі магистральді автожолдар арқылы тасымалданады.

«Осылайша, елдегі қара алтын өңдеу зауыттары ішкі нарықтағы сұранысты толық орындап отыр»,- деді министрлік.