Елімізде неше шетелдік көлік заңдастырылды?

Елімізде неше шетелдік көлік заңдастырылды?
Сурет: интернеттен

1 шілдеге дейін барлығы 205 915 шетелдік автокөлік есепке қойылды.

ІІМ заңдастырудан өткен шетелдік көліктердің санын жариялады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаевтың айтуынша, заңдастырылған автокөліктердің басым көпшілігі Кеден одағының құрамындағы үш елге тиесілі. Олар:

Ресей – 136 636 көлік (66.3%);

Армения – 37 914 көлік (18.4%);

Қырғызстан – 22 144 көлік (10.7%);

Шетелдік көліктердің басым бөлігі оңтүстік аймақтарда тіркелген.

Алматы қаласы – 21 115 бірлік (10,3%);

Ақтөбе облысы – 20 876 (10,1%);

Шымкент қаласы – 15 145 (7,4%);

Батыс Қазақстан облысы – 14 204 (6,9%);

Атырау – 14 197 (6,9%);

Қызылорда облысында – 13 695 (6,7%);

"Өтінімді уақытында берген, бірақ көлікті заңдастырып үлгермеген Қазақстан азаматтырына белгіленген мерзімнен кейін заңдастыруға мүмкіндік беріліп отыр", - деді Сұлтанбаев орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Бұдан бөлек, биыл 22 мамырдан бастап конструктор-автокөліктерін заңдастыруға рұқсат берілді. Бүгінгі таңда 14 654 автоконструктор заңдастырудан өтті.