Елімізде «Қазақстан барысы» турниріне іріктеу жүріп жатыр

Елімізде «Қазақстан барысы» турниріне іріктеу жүріп жатыр
Сурет: ашық дереккөз

 Еліміздің түкпір-түікпірінде қазақ күрінесінен «Қазақстан барысы» турниріне іріктеу жүріп жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Әсіресе, елордада өткен бәсеке тартысқа толы болды. Өйткені, бұнда тек түйе палуандар ғана емес, жеңіл, орта және ауыр салмақтағы белдесулер де болды, деп жазды 24.kz.

Бас-аяғы 150-ге жуық қатысушы 8 салмақта бақтарын сынады. Ал республикуалық «Қазақстан барысы» турниріне жолдаманы 20 жігіт сарапқа салды. Нәтижесінде, Жасұлан Халхабаев барлық қарсыласын айқын басымдықпен ұтып, бас жүлдені жеңіп алды. Екінші орын Ерасыл Жорабекке бұйырды. Қос палуан да республикалық турнирде өнер көрсетеді. Ал үздік үштікті Нұрдаулет Айсағалиев түйіндеді. Дәл осылай басқа аймақтарда да іріктеу кезеңі ұйымдастырылып жатыр. Түйе палуандар арасындағы жылдың басты бәсекесі шілде айында Астанада өтеді.

 - Ережеге сай жарыс өтіп жатыр, -дейді қазақ күресінен жаттықтырушысы Марлен Ахтаев.