Елімізде қазақ күресінен кезекті дүниежүзілік дода өтеді

Елімізде қазақ күресінен кезекті дүниежүзілік дода өтеді
Сурет: 24.kz

Әлем мықтылары Астанаға жиналып жатыр.

 Байрақты бәсекенің ерекшелігі – бұл жолы тек ерлер арасында ғана емес, жастар мен жасөспірімдер де өзара мықтыны анықтап, әлем чемпионы атағына таласа алады. Бұған қоса, жарыс бағдарламасына алғаш рет әйелдер арасындағы белдесулер де қосылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап. 

"Бұл қазақ күресінің насихатын күшейтіп, оның деңгейін көтеруге көмектеседі", - дейді мамандар. Әлем чемпионаты алдында ұлттық спорттың басы-қасындағылар баспасөз мәслихатын өткізіп, дайындық барысы жайында айтып берді. Биылғы бәсекеге 40 елден 400-ге жуық палуан қатысады және олар 3 күн бойы өзара мықтыны анықтайды. Белдесулер Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтеді. Айта кету керек, қазақ күресі бойынша әлем чемпионаты (қазір ресми түрде Біріккен күрес әлемі ұйымының жарыстар күнтізбесіне енген. дүниежүзілік дода) 12 желтоқсанда басталады.