Елімізде ет тағы да қымбаттады

Елімізде ет тағы да қымбаттады
1obl.ru

Қазақстан бойынша ет бағасы ең қымбат қалалар аталды

2022 жылғы қаңтар айының қорытындысы бойынша, 1 кг сүйекті сиыр етінің орташа бөлшек сауда бағасы Қазақстан бойынша 2236 тг құрады, 1 кг қой еті 2418 тг дейін, ал 1 кг жылқы еті 2603 тг дейін қымбаттады, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz energyprom.kz сілтеме жасап.

ҚР қалалары арасында ет пен құс етінің ең жоғары бағасы Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында белгіленді. Елордада сиыр етінің (2506 тг), қой етінің (2987 тг), жылқы етінің (3015 тг) және тауық етінің (1208 тг) ең жоғары бағалары тіркелген.

Алматыда сиыр етінің (2325 тг), қой етінің (2920 тг), шошқа етінің (2060 тг) және жылқы етінің (2939 тг) ең жоғары бағасы белгіленген. Жалпы, 2021 жылдың қорытындысы бойынша, ет пен құс етінің бағасы 2020 жылғы қаңтар-желтоқсанмен салыстырғанда 8,6%-ға өсті.

Бір жыл бұрын сектордағы бағаның өсуі 12,7%-ды құрады. Өткен жылы ет пен құс етінің бағасы Маңғыстау облысында бірден 14%-ға өсті.

Шымкент пен Түркістан облысында да елеулі өсім байқалды – тиісінше 11,8% және 11,3%.

Алматы мен елордада ет пен құс еті тиісінше 8%-ға және 8,2%-ға қымбаттады, ал бағаның төмен өсімі Қызылорда (5,4%), Солтүстік Қазақстан (5,6%) және Қостанай (5,9%) облыстарында байқалды.