Елімізде ас үй жиһазын жасатушылар көбейген

Елімізде ас үй жиһазын жасатушылар көбейген
Сурет: 7kun.kz

2022 жылдың қаңтар-қыркүйегі аралығында Қазақстанда жиһаз өндірісінің көлемі 46 742 млн теңгені құрады.

Бұл туралы Ұлттық статистика бюросынан мәлім етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Өндірістің ең үлкен өсімін отыруға арналған металл қаңқалы жиһаз сегменті көрсетті – 9,8%. Тоғыз айдың ішінде 869 128 данасы өндірілді.

Сондай-ақ ас үй жиһазы бойынша да өсім байқалды – 72 991 дана. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8,8%-ға көп.

Ағаштан жасалған кеңсе жиһазының өндірісі, керісінше, 10,1%-ға төмендеген, құрастырылған өнім саны – 173 307 дана», - делінген ведомство мәліметінде.