Елімізде 44 кәсіпорнының 159,1 млн теңгеден астам жалақы берешегі бар

Елімізде 44 кәсіпорнының 159,1 млн теңгеден астам жалақы берешегі бар
Twitter

Биыл 1 ақпандағы жағдай бойынша, мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 44 кәсіпорнында 890 жұмыскердің алдында 159,1 млн теңгеден астам сомаға жалақы бойынша берешекті анықтады, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Осы кәсіпорындардың басшыларына орындалуы міндетті 12 нұсқама беріліп, 2 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.

Қабылданған шаралар, соның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеу нәтижесінде 516 жұмыскердің құқықтары қорғалды. Оларға 90,2 млн теңге төленді.