Қазақстанда туризмді қолдауға қанша қаражат бөлінді?

Қазақстанда туризмді қолдауға қанша қаражат бөлінді?
Сурет: Qazaqtv.com

Елімізге саяхатшыларды қалай тартуға болады? Туристік бизнес өкілдеріне қандай қолдау шаралары бар? Бұл сауалдарға жауап ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің өкілдері кәсіпкерлермен өткен кездесуде айтылды.

Атап өтерлігі, үстіміздегі жылдың басында туризмге қолдау бағытында бірқатар шара енгізілді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 

«Шаралар ел азаматтарын өзімізде демалуға ынталандыруға, сыртқы туризмді дамытуға бағытталған. Оған санитарлық-гигиеналық тораптар, жол бойындағы қызмет көрсету нысандары, автокөлік құралдары жатады», - деді ҚР МСМ Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Айдос Сәкенов. 

Аталған жаңашылдықтар жыл басында енгізілгеніне қарамастан, кәсіпкерлер тиімді мүмкіндіктерді пайдалануға асығар емес. Мысалы, санитарлық-гигиеналық тораптардың құрылысы және олардың жұмысын қамтамасыз ету, туристерді тасымалдау үшін алынатын автобустарды сатып алу шығындарын субсидиялау қарастырылған. Сонымен қатар шағын хостелден бастап ірі қонақүйге дейін туристік объектілердің құрылысына жұмсалған қаражаттың бір бөлігін қайтарады. Тағы бір айта кетерлігі, Қазақстанда балалардың ел ішінде ұшақпен тегін ұшуы бойынша «Kids Go Free» бағдарламасы жүзеге асырылуда.

Қазақстанға сырттан саяхатшыларды көптеп тарту үшін және жалпы отандық туристік саланы қолдауға мемлекет 15 млрд теңге қаржы бөледі.