Елімізде 180 мыңнан астам адам зейнетақы қорынан өздеріне тиесілі төлемдерді алмаған

Елімізде 180 мыңнан астам адам зейнетақы қорынан өздеріне тиесілі төлемдерді алмаған
Сурет: Bugin.kz

Олардың әрқайсысының зейнетақы жинақтары бар.

Бірақ Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына төлем үшін жүгінбеген, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Qazaqstan.tv таратқан ақпаратқа жүгінсек, аталған қор жыл сайын «Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясымен бірлесіп, осындай зейнеткерлерді анықтау бойынша тексеру жүргізеді. Сәуір айында оларға қызмет көрсетуге келісім алу үшін sms-хабарламалар жіберілген. Бірақ зейнеткерлердің телефон нөмірлері мобильді азаматтар базасында тіркелмеген болып шықты. Сондай-ақ 57 мыңнан астам адам елімізден басқа жаққа тұрақты тұруға көшіп кеткен. Сондықтан Мемлекеттік корпорациядан төлем алмайтыны анықталды. Зейнетақы тағайындау үшін азаматтар тұрғылықты жері бойынша Мемлекеттік корпорацияның бөлімшелеріне уақытылы хабарласуы тиіс.